Жаңалықтар
🌍 7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күніне орай мектебімізде 1–11 сыныптар арасында тақырыптық сынып сағаттары өткізілді.
Сынып сағаттары барысында оқушыларға денсаулықтың адам өміріндегі маңызы, дұрыс тамақтану, жеке бас гигиенасы және салауатты өмір салтын ұстану туралы кеңінен түсіндірілді.
Әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы өткізілген сабақтар оқушылардың қызығушылығын арттырып, денсаулыққа деген жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал етті.
💚 Денсаулық – басты байлық!
🌿 7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күніне орай мектебімізде оқушылардың қатысуымен денсаулықты нығайтуға бағытталған челлендж-флешмоб, жүгіру марафоны және футбол жарысы ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында оқушылар белсенділік танытып, бірлескен жаттығулар орындап, жүгіру марафонына қатысып, футбол ойыны арқылы өздерінің ептілігі мен шапшаңдығын көрсетті.
Аталған шаралар оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап қана қоймай, олардың дене белсенділігін арттыруға, салауатты өмір салтын ұстануға және командалық рухты қалыптастыруға оң ықпал етті.
⚽✨ Денсаулық – басты байлық!
🚦 Мектепішілік іс-шара
📌Мектебімізде «Жас жол инспекторлары» жасақтарының слетін дайындау және өткізу бойынша мектепішілік іс-шара ұйымдастырылды.
🎯Іс-шараның мақсаты – оқушылардың жол қозғалысы ережелерін сақтау мәдениетін қалыптастыру, қауіпсіздік дағдыларын жетілдіру және жауапкершілігін арттыру.
Слет барысында оқушылар келесі бағдарламалар бойынша өз білімдері мен шеберліктерін көрсетті:
🔹 «Жол жүрісі қағидаларының білгірлері»
🔹 «Велосипедті мәнерлеп жүргізу»
🔹 «Жас реттеуші»
🔹 «Жас санитар» (алғашқы көмек көрсету)
Қатысушылар теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып, түрлі кезеңдерден сәтті өтті. Әр команда өздерінің ептілігін, жылдамдығын және ұйымшылдығын көрсете білді.
Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылардың қызығушылығын арттырып, жол қауіпсіздігіне деген жауапкершілігін нығайтты.
👏 Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз және алдағы байқауларда сәттілік тілейміз!
“Ұстазыңды құттықта” челленджін мектеп 1-сынып оқушылары жалғастырады.
1 Қазан Халықаралық “Қарттар күні” мерекесі аясында “Қартым-менің қазынам” тақырыбында сынып сағаттары өтті. Мақсаты: оқушылар бойына адамгершілік қасиетін сіңіру, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу.




“Ұстазыңды құттықта” челленджін мектеп 11-сынып оқушылары жалғастырады.
17 ақпан “Бастауыш- білім бастауы” атты бастауыш сыныптар онкүндігі ашылу салтанаты өткізіліп, онкүндікте ұйымдастырылатын шараларға байланысты оқушыларға тапсырмалар берілді.
https://www.facebook.com/share/v/16kL7Aotkw/
Фотогалерея










