🚦 Мектепішілік іс-шара
📌Мектебімізде «Жас жол инспекторлары» жасақтарының слетін дайындау және өткізу бойынша мектепішілік іс-шара ұйымдастырылды.
🎯Іс-шараның мақсаты – оқушылардың жол қозғалысы ережелерін сақтау мәдениетін қалыптастыру, қауіпсіздік дағдыларын жетілдіру және жауапкершілігін арттыру.
Слет барысында оқушылар келесі бағдарламалар бойынша өз білімдері мен шеберліктерін көрсетті:
🔹 «Жол жүрісі қағидаларының білгірлері»
🔹 «Велосипедті мәнерлеп жүргізу»
🔹 «Жас реттеуші»
🔹 «Жас санитар» (алғашқы көмек көрсету)
Қатысушылар теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып, түрлі кезеңдерден сәтті өтті. Әр команда өздерінің ептілігін, жылдамдығын және ұйымшылдығын көрсете білді.
Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылардың қызығушылығын арттырып, жол қауіпсіздігіне деген жауапкершілігін нығайтты.
👏 Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз және алдағы байқауларда сәттілік тілейміз!



